Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан клубтар анықталды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуУЕФА Чемпиондар лигасының ресми добы
УЕФА Чемпиондар лигасының ресми добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Жазылу
2006 жылдан бері алғаш рет үш италиялық клуб футболдан жыл сайынғы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты. 17 жыл бұрын "Интер", "Милан" және "Ювентус" ойнаған болатын
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалына қатысатын барлық команда белгілі болды.
Кеше түнде 1/8 финалдың соңғы ойындары өтіп, испаниялық "Реал" мен италиялық "Наполи" келесі кезеңге жолдама алды.
Мадридтіктер ағылшынның "Ливерпулін", ал "Наполи" немістің "Айнтрахт" командасын турнирден шығарды.
Ширек финалда "Милан", "Интер", "Наполи", "Челси", "Манчестер Сити", "Реал", "Бавария" және "Бенфика" кездеседі.
Ширек финалдың жеребе тарту рәсімі жұма күні 17 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.
Жаңалықтар
0