Елордада алғаш рет халықаралық Жыршы-термешілер фестивалі өтті

© Photo : Мәдениет және спорт министрлігіЕлордада халықаралық Жыршы-термешілер фестивалі өтті
Елордада халықаралық Жыршы-термешілер фестивалі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Астанада алғаш рет Халықаралық "Жыршы-термешілер" фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз елінен жыршы-жыраулар қатысты, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл іс-шара бұдан былай дәстүрлі түрде өтеді.
"Жыраулық, жыршылық өнер арқылы да бауырлас түркі халықтарымен мәдени ынтымақтастықты нығайтуды көздейміз. Мәдениет және спорт министрлігі жастарды жыраулық өнерге баулып, онымен ғылыми тұрғыда айналысуы үшін барлық мүмкіндікті жасайды",- деді мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.
Қазақстан парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2022
Парламентте "Халық ақыны" атағын қайтару мәселесі көтерілді
Жаңалықтар
0