Ұлттық академиялық кітапханада мұқабасы адамның терісінен жасалған кітап сақталған

© Photo : Pixabay / Студент. Иллюстративное фото
Студент. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Ұлттық академиялық кітапханада мұқабасы адамның терісінен жасалған көне кітап бар, деп хабарлайды Хабар 24.
Ұзындығы 21, ені 15, қалыңдығы 2 сантиметрлік экспонат толық зерттеліп біткен жоқ, Кітапхана қорындағы ерекше экспонаттардың бірі бұл мекемеде 2014 жылы пайда болды. Оны өзінің есімін жасыруды өтінген оқырман сыйға тартқан. Көне туынды 1532 жылы шығып, Еуропадан жеткізіліпті. Коллекционердің қолына нақты қалай тап болғаны белгісіз.
Көне туынды қазір ғалымдардың назарында. Ол 396 беттен тұрады. Бүгінде оның алғашқы 16 беті ғана зерттелген. Сарапшылардың болжамы бойынша, адам терісінен жасалған кітап Петрус Пуардус есімді Италияның солтүстігінде өмір сүрген азаматқа тиесілі. Ол нотариат қызметкері болған деседі.
"Ескі латынмен жазылған бір нотариустың күнделігі екен. Бұл кітапты біз зерттеп шықтық. Әрине, оның адам терісінен жасалғанын дәлелдеу керек болды. Өкінішке қарай, Қазақстанда оны оқып беретін ешкімді таба алмадық. Сосын біз интернеттен қарап шықтық, Парижде "Институт истории и изучение текстов" деген бар екен. Соған хабарластық, сол жерден 10 бетін электронды нұсқа жібердік, бізге оқып берді", - дейді Ұлттық кітапханасы "Сирек қор" секторының меңгерушісі Дариға Дәуренбекова.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, тірі жанның терісін қолдану арқылы кітап шығару XVI-XVII ғасырларда қалыпты жағдай саналған. Тіпті адам өлім алдында өзін осындай әдіспен есте сақтауды сұрап, өз терісінен арнайы кітап жасатқан деседі.
Жаңалықтар
0