Алматы облысында кептеліс пен қоғамдық көлік мәселесі шешілмей тұр

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында кептеліс пен қоғамдық көлік мәселесі шешілмей тұр
Алматы облысында кептеліс пен қоғамдық көлік мәселесі шешілмей тұр - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылында қоғамдық көлік жоқ. Бұл аздай, көлік кептелісі проблемаға айналған. Жібек жолы ауылы тұрғындарының базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдап қайтты.
Жібек жолы ауылының бұрыңғы атауы – Шамалған. Мұнда көлік кептелісі жыр болғалы бері он жылдай уақыт өткен.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАуыл тұрғындары жұмысқа бару үшін таңғы сағат 04.30-да үйінен шығады
Ауыл тұрғындары жұмысқа бару үшін таңғы сағат 04.30-да үйінен шығады - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Ауыл тұрғындары жұмысқа бару үшін таңғы сағат 04.30-да үйінен шығады
"Қаншама жылдан бері тұрамын, дәл осы көлік кептелісінен құтылмадық. Айттық та, жаздық та, бірақ одан қазір қайыр жоқ болып тұр. Мына жаңа жолды салып жатыр, сол жол салынса, проблема шешіледі деп жатыр, енді соны күтіп жүрміз", - дейді Жібек жолы ауылының тұрғыны Әділхан Бердібаев.
Бұл елді мекенде ресми тіркелген 41 мың адам тұрады, тіркелмегенін қосқанда халық саны 60 мыңнан асады. Соның 500-1000 күнделікті "Барахолка" базарына барып жұмыс істейді. Діттеген жеріне жету үшін қара жаяу жұмысшы таңғы сағат 04.30-да үйінен шығады.
"Таңғы сағат 4-5 кезінде жұмысқа шығамыз, күнделікті. Таксидің де бағасы аспандап тұр. Тапқан ақшамыздың жартысы жол ақысына кетеді. Жаңа Қазақстан деп жатырмыз, жаңа депутаттар сайланып жатыр. Сол кісілер халықтың осындай проблемасын көреді деп үміттенеміз", - дейді Нұрсұлтан Сәрсенбаев.
Әрісі Астана, Қарағанды, берісі Алматының аудандарына осы Жібек жолы ауылы арқылы өтеді. Аядай жол торабы арқылы өтетін көлік санында шек жоқ. Ірі жүк көліктері де көп. Бұл ауыл арқылы пойыз да жүйткіп жатыр. Көлік кептелісін тудыратын көліктің көптігі ғана емес, темір жол өткелі. Дәл осы маңда бірнеше жол апаты болып, талай адам зардап шегіпті. Жол апаты мен көлік кептелісін азайту үшін жергілікті әкімдік облыстық полиция департаментімен келіссөз жүргізіп, "Сергек" камераларын қойып, жолақтар сызған.
© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 10 жылдан бері көлік кептелісі мәселесі шешілмей тұр

Алматы облысында 10 жылдан бері көлік кептелісі мәселесі шешілмей тұр - Sputnik Қазақстан
1/5

2/5

3/5

4/5

5/5

"Біз үлкен көпір салып жатырмыз. Бұл көпір биыл желтоқсан айында қолданысқа беріледі. Қазіргі күні 60 пайызы жасалып бітті. Дәл осы жолда кептеліс болмасын деп ауыл арасындағы жолдардың бәріне асфальт төседік. Ондағы ойымыз бір ғана жолда тұрмай, басқа көшелермен де көліктер айналып өтсе дегенбіз. Негізі Астана, Қарағанды жақтан келетін көліктер үшін Қазбек бек және Жыңғылды станциялары арқылы кіретін жолдар бар. Егер жүргізушілер сол жолмен жүрсе, 20 шақырым жолды үнемдейді және Жібек жолы ауылындағы көлік кептелісі азаяр еді", - дейді Жібек жолы әкімінің орынбасары Дидар Нұрақынов.
Қоғамдық көлік проблемасы да күн тәртібіне қойылған мәселенің бірі.
"Қоғамдық көлік 2020 жылы карантиннің алдында жүріп тұрды. Автобус біздің меншігімізде емес, Алматы қаласына қарайды. Олар карантиннен соң автобусты жүргізбеді. Сәуір айының ортасында автобус жүргізу жоспарда бар. Оңай карточкасын пайдалану жеңілдігін қарастырып отырмыз. Біз бәрін біліп отырмыз. Аудан және облыс әкімдеріне де жиі-жиі айтып жатырмыз. Бірінші кезекте "Барахолкаға" баратын автобусты шешуіміз керек. Негізі Алматының маңына қатынайтын қоғамдық көлік бар. Ол таңертең, кешке екі уақыт жүред", - дейді әкім орынбасары.
Жаңалықтар
0