Қоғам

Биыл Қазақстанда әскери парад тағы да өтпейді

© Sputnik / ИА Новости-КазахстанАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
Қорғаныс министрлігі бюджет қаржысын үнемдеу үшін осындай шешім қабылдаған
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейтінін мәлімдеді.
"Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2023 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға басымдық беріледі", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Әскери парад өтпесе де, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге құрмет көрсету, майданда қаза тапқан батырлар мен олардың ерлігін еске алу секілді түрлі әскери-патриоттық шаралар жоспарланып отыр.
7 және 9 мамырға жоспарланған өзге де іс-шаралар туралы ақпарат жақын арада қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланады.
Айта кетері, Қазастанда әскери парад соңғы рет 2018 жылы өткен болатын.
Жаңалықтар
0