ШҚО түрмесіндегі ұрып-соғуға қатысты видеоға түсініктеме берілді

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстандағы 16 түзеу мекемесінде сотталушыны ұрып-соқты деген ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерде сотталған адамды ұрып-соққаны туралы бейнежазба тараған. Бейнежазбада ҚАЖД 16 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А. есімді сотталған әкімшілік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы мәлімдеген.
"Сотталғанды тексеру кезінде оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы дене жарақатын таппады. Тексеру процесі DVR-ге бекітілген. Сауалнама барысында А. есімді сотталған бейнежазбада басқа сотталғандар түскенін, 9 жыл бұрынғы бейнероликті өз мүддесі үшін пайдаланғанын айтты. Сондай-ақ сотталған А. жеке оның өз басына заңсыз әрекеттер жасалмағанын айтты", - дейді ведомство.
Сотталған адамды ұрып-соғу туралы бейнежазба 2014 жылы түсірілген. Тексеру барысында сотталғандар тұрмыстық жанжал кезінде бейнежазба түсіргені анықталды. Қызметтік тергеу кезінде кінәлі сотталғандардың тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта жәбірленушінің әкімшілікке қатысты талаптары жоқ. Осы жылдың сәуір айында А. есімді сотталған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған. Бостандыққа шыққалы бері құқық қорғау органдарына азаптау туралы өтініш білдірмеген", - дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары.
Жаңалықтар
0