СҚО-да полицей ұсталды - оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында достарымен жабайы қаздарды атуға шыққан полицей ұсталды, деп хабарлайды экология министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, 6 мамырда Қиялы ауылдық округінің Барыкөл ауылының маңындағы Шағалалытеңіз көлінің жағасында жабайы құстарды заңсыз аулаған Петропавл қаласының 4 тұрғыны ұсталды. Олардың ішінде полиция қызметкері де болды.
"Олардан жабайы қаздардың 31 ұшасы, 2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
31 жабайы қазды атқаннан мемлекетке келген залалдың көлемі 800 000 теңгені құрады. Қылмыстық кодекстің 337-бабы 3-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5 000 АЕК-ке (17 250 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салу қарастырылған. Сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.
Бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.
Полицей формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Алматылық полицей кәмпитке қақалып қалған қызды қалай құтқарғанын айтып берді
Жаңалықтар
0