Алматыда астыртын казино анықталды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуФишки казино
Фишки казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Алматыда ставкалар мен ақшалай ұтыстарды көздейтін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетінің жолы кесілді.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында ойын карталары мен фишкалар, ойыншылардан ұйымдастырушылардың бірінің карточкалық шотына аударылған қаражат табылып, тәркіленді.
"Ойын өтетін күні ұйымдастырушылар ойын туралы SMS жіберіп, ойыншыларды жабық тізім бойынша шақыратыны, дилерлер мен даяшыларды жұмысқа тартатыны анықталды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Қоғам
Ақмола облысында прокурорға пара ұсынған казино қызметкері ұсталды
Жаңалықтар
0