Қазақстанның үш облысы Тәжікстаннан пияз сатып алудан бас тартты

© Photo : Alicja Лук
Лук - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанның үш облысы – Алматы, Ақтөбе және Қызылорда тәжіктердің ерте піскен пиязын сатып алудан бас тартты, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.
Қазақстанның он облысы Тәжікстаннан жалпы көлемі 260 тонна ерте пияздың бірінші жеткізіліміне келісімшарт жасасты. Алғашқы 180 тонна пияз 18-19 мамырда жеткізіледі деп күтіліп отыр, деп хабарлады ведомстводағылар.
Ұлытау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Абай, Жетісу, Жамбыл облыстары жеткізу келісімшартына қол қойды. Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қалалары да осындай келісімдер жасамақ.
Сондай-ақ 11 облыс қазақстандық алқаптардан жалпы көлемі 2 198 тонна ерте қырыққабатты жеткізу келісімшартын жасаса, үш облыс ниет туралы келісімге қол қойды. Астана қаласы, Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстары орамжапырақ жеткізуге келісімшарт жасамаған.
Сауда министрлігі хабарлағандай, өткен жылғы егіннің көкөніс қорын шығару бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 10 мамырдағы жағдай бойынша сатудың жалпы көлемі 73 504 тоннаны құрады, оның ішінде картоп – 35 745 тонна, сәбіз – 13 503 тонна, пияз – 13 737 тонна, қырыққабат – 10 519 тонна. Қордың жалпы көлемі 139 466,7 тоннаны құрайды.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының жалпы индексі 0,2%-ке өсті. Қырыққабат (9,7%), пияз (3,0%), картоп (2,4%), сәбіз (2,2%) бағасының маусымдық өсімі байқалады.
Үшінші ай қатарынан қарақұмық жармасы бағасының төмендеу үрдісі жалғасуда – апта ішіндегі көрсеткіш 2,1% (2023 жылдың 4 айында -20,6%). Өткен аптада ұн бағасының жалпы индексі – 1,5%, жұмыртқа – 0,7%, күнбағыс майы -0,2% (2023 жылдың 4 айында -4,7%), сүт және рожки -0,2%, тауық еті мен тұз - 0,3%, күріш пен қант – 0,1% төмендеді.
Тұтыну бағалары индексінің құрылымында азық-түлік тауарлары 41,8%-ті, азық-түлік емес тауарлар 29,6%-ті, ақылы қызметтер 28,6%-ті құрайды. Азық-түлік тауарларының құрамында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үлесі 11,7%-ке тең.
Пияз - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2023
Қоғам
Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады
Жаңалықтар
0