Спорт

Моңғолияда қазақтың ұлттық спорт түрлерін дамытпақ

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҰлттық спорт түрлері
Ұлттық спорт түрлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Моңғолияда қазақтың ұлттық спорт түрлері жаңа қарқынмен дамиды, деп хабарлайды ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі.
17 мамырда қауымдастықтың президенті Исламбек Салжанов Моңғолия қазақ ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Ром Әуесханмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қазақтың ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қыркүйек айында Баян-Өлгийде аударыспақтан Азия чемпионатын өткізу жоспары талқыланды.
Сондай-ақ өткен аптада Алматыда Қазақстан аударыспақ федерациясының өкілдері Моңғолия делегациясымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойғаны атап өтілді.
Сол басқосуда Моңғолияда аударыспақты (шабандоздар жарысы) дамыту мәселесі талқыланып, дүниежүзілік аударыспақ федерациясын құру туралы маңызды шешім қабылданды. Дүниежүзілік федерацияның президенті болып Марат Жұман сайланды.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Қоғам
Ұлттық спорт пен киноға бөлінген қыруар қаржы игерілмей қалды
Жаңалықтар
0