Мәдениет

Димаш Құдайберген өз өмірі жайлы жаңа бейнебаянын жарыққа шығарады

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген 24 мамырда жаңа бейнебаянын таныстырады.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады.
"Өмір – ақ пен қара алмасқан, бақ пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдарманыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарма. Бұл туынды менің өмірім жайында", - деп жазды Димаш жеке парақшасында.
Жаңа бейнебаян 24 мамырда әншінің YouTube арнасында жарыққа шығады.
Айта кетері, 24 мамырда Димаш Құдайберген 29 жасқа толады.
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2023
Димаш Құдайберген армян тіліндегі ән туралы: Бірнеше сағатта жаттап алдым
Жаңалықтар
0