Аты аңызға айналған америкалық әнші Тина Тернер 83 жасында қайтыс болды

© Sputnik / Юрий Абрамочкин / Медиабанкке өтуАмерикалық әнші Тина Тернер
Америкалық әнші Тина Тернер - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Аты аңызға айналған америкалық әнші Тина Тернер 83 жасында дүниеден озды.
"Тина Тернердің қайтыс болғанын қайғыра отырыпхабарлаймыз", -делінген әншінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Deadline басылымының мәліметінше, әнші Швейцарияның Кюснахт қаласындағы өз үйінде ұзаққа созылған дерттен кейін көз жұмған.
Тернер 2013 жылы Швейцария азаматтығын алды.
Тина Тернер "Грэмми"сыйлығын сегіз мәрте иеленді. Ол Golden Eye, What"s Love Got To Do With It және Private Dancer сияқты әндерімен танымал. 2021 жылы ол Рок-н-роллдың Даңқ залына енгізілді.
Танымал музыкант Мик Джаггер әлеуметтік желіде әншінің қазасы туралы жазды.
"Досым Тина Тернердің қайтыс болғанын естіп қатты қайғырып отырмын. Ол шынымен де керемет дарынды әнші болды. Ол адамды жігерлендіретін, жылы жүзді, көңілді және жомарт жан еді. Ол маған жас кезімде көп көмектесті, мен оны ешқашан ұмытпаймын", - деп жазды ол.
Юрий Шатунов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Юрий Шатунов қайтыс болды
Жаңалықтар
0