Саясат

Ақорда Тоқаевтың осы аптадағы жоспарын жариялады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндердегі жұмыс кестесін жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 29 мамыр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Ал 30 мамыр күні президент Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.
Сондай-ақ 2 маусымда Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Главы государств на саммите СВМДА в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Тоқаев Ердоғанды жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар
0