Арал тұрғыны сауда үйінің есігін бұзып, төлем терминалын тонап кеткен

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуТерминал
Терминал  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Аралда ер адам таңғы уақытта сауда үйінің қоймасына кіретін артқы есікті бұзып кіріп, төлем терминалын тонап кеткен.
"Ер адам сауда үйінде орналасқан терминалдан ақша ұрлау үшін ғимараттың артқы жағындағы дүкенге кіретін қойманың есігін шеге суырғышпен бұзып, ішке енген", - деп хабарлады Арал аудандық соты. – Ол тіпті іске қосылған дабыл жүйесінен де қорықпаған. Сауда үйінде жұмыс істеп тұрған төлем терминалының темір есігін бұзып ашып, 271 500 теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен".
Ер адам ұсталды, оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергелді, содан кейін ғимаратқа заңсыз кіру арқылы ұрлық жасағаны үшін сотталды.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, дәл сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
"Сот өз кінәсін мойындауын, жасаған ісіне өкінуін, бұрын сотты болмағанын, жас балаларының болуын, сондай-ақ мүліктік залалды өтегенін сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды", - деп мұндай жеңіл жазаның себебін түсіндірді соттағылар.
Жаңалықтар
0