Қостанайда жарылыс болған қару дүкенінің иесіне сот үкімі шықты

© РИА Новости / Медиабанкке өтуҚару дүкені, архивтегі фото
Қару дүкені, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
Бұл төтенше оқиға өткен жылдың күзінде болған
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қостанайда "Сатурн 2012" ЖШС мен "Оружейная палата" дүкенінің иесіне қатысты сот үкімі шықты, деп жазды "Алау".
Еске салсақ, өткен жылдың 3 қыркүйегінде "Оружейная палата" дүкенінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан жақын маңдағы бір қабатты ғимараттар отқа оранды.
Өрт жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету сервисі ғимараттары мен асхананың шатырларына өтіп, 2 мың шаршы метрден астам аумақты шарпыған. 4 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланды.
"Сатурн 2012" ЖШС және "Оружейная палата" дүкенінің басшысы 5 жыл жаза мерзімін қоныс колониясында өтейді.
 Оружейная палата жүкені - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2022
Бас прокуратура Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстың себебін атады
Жаңалықтар
0