Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина әскери-теңіз күштерінің соңғы кемесі су астына кетті

© Sputnik / Виктор АнтонюкПатроны для автомата в руках российского военного
Патроны для автомата в руках российского военного - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
Украинадағы әскери іс-қимылдар театрының шындығы ұжымдық Батыстың Ресейді тез жеңуге қатысты болжамдарына мүлдем сәйкес келмейді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей Федерациясының Қарулы күштері Украина Қарулы күштерін және НАТО-ның әскери әлеуетін, Киевтегі жауынгерлік басқару орталықтарын, Хмельницкийдегі азайтылған ураны бар арсеналдарды, Одессадағы украин флотын әдістемелік түрде жойып жатыр.
Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау Еуропадағы бейбітшілікке, тең және бөлінбейтін қауіпсіздікке апаратын жол. Ресей арнайы әскери операция аймағында осы іспен айналысып жатыр.
29 мамырда Ресей әскери-ғарыш күштері Украина әскери-теңіз күштерінің соңғы жауынгерлік кемесі – "Юрий Олефиренко" орташа десант кемесін Одесса портында дәлдігі жоғары қару соққысымен жойды.
"Киев режимінің Қара теңіздегі әрекеті осымен аяқталды. Бұл Украина Қарулы күштері мен НАТО үшін үлкен шығын. Суда қалған украиналық өзен көлігі ретіндегі патрульдік катерлер, тылдағы қамтамасыз ету кемелері мен үрлемелі қайықтар күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, десанттық операцияларды жүргізуге, акватория мен жағалауды бақылауға қабілетсіз", - деп жазды Хроленко.
"Юрий Олефиренко" десанттық кемесі трюміндегі батыс оқ-дәрілерінің мен, жер үсті камикадзе дрондарының жарылуы НАТО-ның қару-жарақ жеткізуінің тиімсіздігін растады. Еске салсақ, 31 мамырда Пентагон Киевке 300 миллион долларға әскери көмектің жаңа, 39-шы "пакетін" мақұлдады.
Оқ-дәрі көлемінде қарастырар болсақ, 300 миллион доллар – небәрі 60 мың дана 155 миллиметр калибрлі артиллериялық снаряд. Бұл украин артиллериясының он күнде қолданатын нормасы.
Ресей Қарулы күштері Киевте және қарсы тараптың бақылауындағы бүкіл аумақта Украина Қарулы күштерінің арсеналдарын, әскери техникасын, резервтері мен басқару орталықтарын әдістемелік түрде жойып жатыр.
"Сонымен қатар 1970 жылы Польшада теңізге жіберілген "Юрий Олефиренко" 773 (СДК-137 және "Кировоград" деп те аталады) орташа десант кемесінің қиын тағдыры Украинаның тарихын сипаттайды. Ол Киев билігінің бүкіл ресейлік және кеңестік мұраны "құрбан етуінің" мысалы ретінде ерекше назар аударуға лайық", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
Су сыйымдылығы 1150 тонна болатын 773 жобаның орташа десанттық кемелер 1970 жылдардың басында Польшаның кеме жасау зауыттарында құрастырылды. Орташа десанттық кемелер теңіз арқылы тасымалдау және десантты әскери техникамен бірге жабдықталмаған жағалауға түсіру, сондай-ақ қонуға дейін жағалаудағы жау күштерін жоюға арналған.
Экипаж – 41 адам. Сыйымдылығы – 6 танк және 180 десантшы (немесе 350 тонна басқа жүк). Кеменің ұзындығы – 81,3 метр, ені – 9,3 метр, шөгуі – 3,6 метр. Толық жылдамдығы – 18 торап, жүзу қашықтығы – 12 тораптағы 3 000 мильге дейін.
Құрылымдық жағынан қарапайым, сенімді және үнемд 773 жобасының кемелері әскери теңізшілердің жоғары бағасына ие болды. 9 800 метрге дейін ұшатын (2х18 140-мм WM-18 НУРС) бірнеше зымыран тасымалдағышының қарулануы, өзінің әуе шабуылына қарсы қорғанысы жүйесі болуы орташа десанттық кемелерінің артықшылығы ретінде қарастырылды.
СДК-137 кемесі 1973 жылы Кеңес әскери-теңіз күштерінің құрамында араб-израиль қақтығысы аймағында қарсы тараптың шабуылдарын жақсы тойтарып, тіпті Порт-Саид акваториясында израильдік F-4 Phantom жойғыш-бомбалаушы ұшағын атып түсіргені белгілі. 2010 жылы Украина туының астында "Кировоград" деп аты өзгертілген кеменің оқу-жаттығулар кезінде ішіндегі оқ-дәрілері жарылып, бірнеше экипаж мүшесі көз жұмды.
Кейінірек, 2016 жылы орташа десант кемесіне "Юрий Олефиренко" атауы берілді. 2022 жылдың жазында ол командалық бұйрықтарды орындаудан және Днепр сағасын патрульдеуден бас тартқан экипаждың жағдайына байланысты Очаковтан Одессаға ауыстырылып, қақтығыс аймағынан шығарылды.
"Қазіргі ахуалға қарамастан, Украина Ресейге қарсы ұстанымы бар Солтүстікатлантикалық альянсқа мүше болудан әлі айныған жоқ. Бірақ Гонконгтағы SCMP басылымы былай деп жазды: "Вашингтон, Лондон және Брюссель Зеленскийді Ресеймен ұзаққа созылатын қақтығыс құралы ретінде қолданып отыр. Олар қателеседі. Себебі Украина батыстың қолдауымен де қарсы тұра алмайды. Жеңілген кезде Укриана ащы шындықпен бетпе-бет келіп, жалғыз қалады. Отыз жыл ішінде Киевтің Батыстағы одақтастары Украина халқының Ресейге жаулық көзқарасын үдетуге барынша ықпал етті. Сондықтан Киев әскери және қаржылай көмектен бөлек, халқының Ресейге қарсы ұстанымының арқасында да әлі де болса берілмей отыр", - дейді әскери сарапшы.
Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі, полковник Дуглас Макгрегор Youtube-тегі Judging Freedom арнасына берген сұхбатында АҚШ билігі Ресейге қатысты қатты қателесіп отырғанын айтты.
"Олар экономикасы әлсіреген 1990-шы жылдардағы қуатсыз мемлекетпен және көтеріліс алдында тұрған қоғаммен күресіп жатырмыз деп ойлайды. Бұл нанымдар қоғамда кең тараған және анығында шындыққа жанаспайды. Кез келген адам Ресейдің экономикасы күшті екенін, Ресейде ресурстар бар екенін түсініп отыр", - деді ол.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресей Федерациясында өндіріс 13 ай қатарынан өсті, ал жұмыспен қамту соңғы 20 жылдағы ең жылдам қарқынмен ұлғайып жатыр. АҚШ пен НАТО-ның әскери техника және қару-жарақ бойынша Ресейден көш кейін қалып отырғаны арнайы әскери операция барысында күн сайын дәлелденіп жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Телеграм арнасы
Жаңалықтар
0