Нұржан Әлтаев не үшін ұсталғаны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневНуржан Альтаев
Нуржан Альтаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Экс-вице-министр Нұржан Әлтаев аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Күдікті 7 маусымда ұсталған.
"Нұржан Әлтаев еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен мәжіліс депутаты ретінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді", - дейді Антикор.
Ақпаратқа сәйкес, 2018-2020 жылдар аралығында Әлтаев жауапты мемлекеттік лауазымдарда жүріп, Абылай Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет еткен.
Мырхаметовтың ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуға көмектесіп, "қамқоршылық" көрсеткен.
Нұржан Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Абылай Мырзахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Қоғам
Абылай Мырзахметов пара үшін ұсталды – Антикор
Жаңалықтар
0