Әлем

Сильвио Берлускони қайтыс болды

© Sputnik / Алексей Витвицкий Сильвио Берлускони
 Сильвио Берлускони - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
Ұзақ жылдар үкімет басқарған италиялық саясаткер 86 ​​жаста еді
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони Миланда ауруханада қайтыс болды, деп жазады Guardian.
Берлускони 1994 жылдан 2011 жылға дейін Италияның үш үкіметін басқарды. Сот процестері мен жанжалдарға қарамастан, 2017 жылы саясатқа орала алды. Бүгінде оның Forza Italia партиясы басқарушы коалицияның серіктесіне айналды, деп жазады басылым,
Саясаткер біраз уақыт лейкозбен ауырған. Көктемде созылмалы миеломоноцитарлы лейкозбен байланысты өкпе инфекциясынан емделген. Екі күн бұрын тағы ауруханаға түскен.
Бүгін Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің 86 жасында қайтыс болғаны белгілі болды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Қоғам
Ердоған Тоқаевқа қоңырау шалып, көңіл айтты
Жаңалықтар
0