Оралда оқушылар мінген автобус өртенді

© AP Photo / Leo CorreaГорящий автобус, архивное фото
Горящий автобус, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус отқа оранды.
Оқиға 13 маусым күні Г. Бельгер көшесінде болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Сағат 12.40-та Г. Бельгер көшесіндегі 114-үй тұсында "ПАЗ" жеке автобусы отқа оранды. Тілсіз жау сағат 13.09-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 6 адам (1 техника) жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде", - делінген хабарламада.
Автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған, міндетті сақтандыру полисі болмаған.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін "Балауса" мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым күнгі №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры “Балауса” лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады министрліктегілер.
Балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алып жүру мақсатында мектеп тарапынан БҚО ПБ-ге ешқандай сұраныс түспеген.
Новые автобусы на улицах Петропавловска  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Алматыда автобус қоршауға соғылды: екі жолаушы ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтар
0