Вице-премьер Тамара Дүйсенованың жалақысы қанша теңгеге өсті

© Sputnik / Владислав ВодневТамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев вице-премьер қызметіне кіріскен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жалақысы қанша теңгеге ұлғайды деген сұраққа жауап берді.
Сенат кулуарында журналистер премьер-министр орынбасары қызметіне тағайындалғаннан кейін Дүйсенованың жалақысы қанша теңгеге өскенін сұрады.
"Үкімет аппараты тарапынан қосымша төлем төленетінін білемін, бірақ бәрі Дүйсенованың еңбек өтіліне байланысты. Сол себепті қанша үстемеақы қосылғанын өзінен сұраған жөн. Ал өз басым 300-400 мың теңге аламын", - деп жауап берді Жамаубаев.
8 маусым күні президент үкіметте әлеуметтік блокқа жауап берген Алтай Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатты. Оның орнына вице-премьер қызметіне Тамара Дүйсенова тағайындалды. Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін қоса атқарады.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Саясат
Тоқаев жаңа вице-премьерді тағайындады
Жаңалықтар
0