Тоқаев Даниал Ахметовті лауазымынан босатты

© Sputnik / Болат ШайхиновДаниал Ахметов
Даниал Ахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды.
15 маусымда 69 жасқа толған Даниал Ахметов 2014 жылдың 11 қарашасынан бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
Тоғыз жыл ішінде ол үш рет - 2017, 2019, 2022 жылы облыс әкімі қызметіне қайта тағайындалды.
Өткен жылы президент Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесін ескеріп, оның қызметтік өкілеттігін бір жылға ұзартқан еді.
Даниал Ахметов әр жылдарда премьер-министр, қорғаныс министрі қызметін атқарды. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша комиссиясының мүшесі. Шығыс Қазақстан облысынан бөлек Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын басқарған.
Даниал Ахметов (ортада) - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Қоғам
Бұл жала, менде бір шаршы метр де жер жоқ – Даниал Ахметов
Жаңалықтар
0