Қоғам

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

© Photo : Қазақстан президентінің ресми сайтыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Жазылу
Отырыста Қазақстанның Қарулы күштерін қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің даму тұжырымдамасының жобасы қаралды
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар жауапты мемлекеттік орган басшыларының баяндамасын тыңдады.
Қауіпсіздік кеңесі Қазақстанның Қарулы күштері мен басқа да әскерлерін, әскери құралымдарын қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын қарастырды.
© Photo : Қазақстан президентінің ресми сайтыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті
Қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс, қару-жарақ пен әскери техника айналымы, қорғаныс нысандары инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жекелеген мәселелер жөнінде жүйелі шаралар әзірленді.
Жиын қорытындысы бойынша Тоқаев мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Военные показали подготовку к параду в честь 25-летия Вооруженных Сил Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
ҰҚШҰ аясында Қазақстан армиясы ешқайда бармайды – қорғаныс министрі
Жаңалықтар
0