Тоқаев Түркістанда Ұлттық құрылтайдың отырысын өткізеді

© Түркістан облысы әкімдігіТүркістан қаласы 14
Түркістан қаласы 14 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 17 маусымда Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді, деп хабарлады Ақорда.
Еске сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылдың 16 маусымында Ұлытау облысында өтті.
Президент құрылтай жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратынын айтқан болатын.
"Қазақ даласында ел тағдыры шешілген тарихи орындар аз емес. Ұлытаудан бөлек, Ордабасы, Мәртөбе, Күлтөбе сияқты қастерлі жерлеріміз бар. Мен келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынамын. Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады", - деді Тоқаев құрылтайдың алғашқы отырысында.
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Президент Ұлттық құрылтай құру туралы жарлыққа қол қойды
Жаңалықтар
0