Төреғали Төреәлінің туыстары медициналық сараптама нәтижесіне сенбейді

© Sputnik / Владислав ВодневКинопремьера фильма "Ұлы дала комедиясы" с Торегали Тореали
Кинопремьера фильма Ұлы дала комедиясы с Торегали Тореали  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Төреғали Төреәлінің туыстары медициналық сараптама нәтижесіне сенбейді, деп жазды КТК.

Осы орайда "Ұлы дала баласының" қорғаушылары тәуелсіз сарапшылар көмегіне жүгініп, қанын қайта тапсыртқан. Қазір нәтижесін күтіп отыр. Адвокаттары Төреғалидің арақ пен есірткіден ада екенін дәлелдеумен шектелмей, "жұлдызды" ұрып жықты деген полицейлерге шүйлігіп отыр.
"Машинадан сүйрелеп, асфальт жолға басымен құлатқан. Соның салдарынан Төреғали ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Себебі басынан қатты соққы алған. Денесінен қаншама жарақат анықталды", - дейді әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев.
Қорғаушыларының уәжі әуежайға асығып бара жатқан "супер жұлдыздың" жолын бөгемесе де болар еді ғой дегенге саяды. Алайда өзге заңгерлер әртістің бұл қылығына тағылатын айып ауыр болуы керегін айтады.
"Полицейлер заңсыз әрекет пен өрескел құқық бұзушылықты көргенде тоқтатуға міндетті. Ол, әрине, сөзбен шешілу керек. Тәртіп сақшылары белгі береді. Жүргізуші тоқтауға тиіс. Ал бұл жерде әнші бағынбай қаша жөнелген. Мұндай жағдайда полицей оған күш көрсетуге мәжбүрлі түрде барып тұр. Өйткені одан басқа амалы жоқ. Әйтпегенде есірткі қолданып көлік тізгіндеген азамат өз жөнімен кетіп бара жатқан өзге адамды қағып немесе соғып, өміріне қауіп төндірмесіне кім кепіл", - дейді заңгер Сергей Уткин.
Жаңалықтар
0