Түрік компаниясы Алматы облысында LRT салуды жоспарлап отыр

CC0 / tsukasa0825 / Легкорельсовый транспорт LRT, иллюстративное фото
Легкорельсовый транспорт LRT, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде жеңіл рельсті транспорт (LRT) салуға ниетті түріктің "Ташяпы" компаниясымен меморандумға қол қойды.
Облыс әкімдігінде бұған дейін екі кездесу өтіп, жоба талқыланған болатын. Бүгін де LRT салудың Алматы қаласы мен облыс тұрғындары үшін қолайлы әрі тиімді тұстары сөз етілді.

"Ташяпы" компаниясы Қаскелең – Есік – Талғар – Алматы – Ұзынағаш бағыттары бойынша жеңіл рельсті тарнспорт жүйесін дамытуды жоспарлап отыр. Халық тығыз қоныстанған Талғар және Қаскелең қалаларында LRT жанында арнайы тұрақ болады. Тұрғындар көліктерін сол тұраққа қойып, ары қарай LRT-мен Алматыға қатынайды. Бұл өз кезегінде қала мен оның маңындағы аудандарда кептелісті азайтады. Облыстың 300 мың адамы күніне Алматыға кіріп шығатынын ескерсек, қалаға жүктеме азаятыны сөзсіз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Әзірше, жобаның жалпы құны қанша болатыны, тартылатын инвестиция көлемі белгісіз. Компания техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға 3 шілдеден кейін кіріседі. Серіктестік мамандарының есептеуінше, айына 3,5-4 млрд кіріс кіреді деп жоспарланып отыр.
Билет құны шамамен 500 теңге болады. Адамдар жұмысқа барып-қайтқан уақытта ЖРТ 50-100 мың тұрғынды тасымалдайды. LRT ұзындығы 80 шақырым болмақ. Алматы мен Қонаев арасындағы жолды қосқанда 150 шақырымды құрамақ. Ал құрылыстың 1 кезеңі Талғар-Алматы арасында LRT салудан басталады. Қонаев-Алматы жобасы 2-кезекте қаралады.
"Жоба Алматы қаласы мен облыс аумағында жол-көлік жүйесін дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар үйлесімді-теңдестірілген жол-көлік кешенін құру, "Қала адамдар үшін" қағидатын іске асыру, аймақтың тартымдылығын арттыру секілді мәселелер шешіледі. Құжатқа қол қойылған соң да ақылдасатын бірнеше сұрақтар бар. Сіздердің ұсыныстарыңызға қарай ортақ шешім шығаратын боламыз", – деді өңір басшысы.
Опоры проекта Астана LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Қоғам
Мемлекет басшысы ЛРТ-ның болашағы туралы айтты
Жаңалықтар
0