Мемлекет басшысы халық арасында тарап жүрген дақпыртқа сенбеуге шақырды

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жерге қатысты дақпырт сөзге сенбеуге шақырды.
"Жеріміз шетелдіктерге сатылып жатыр" деген сөз ара-тұра айтылып жатады. Бұл – жалған ақпарат. Елімізде жерге қатысты түбегейлі шешім әлдеқашан қабылданған. Ол шешім заңмен біржола бекітілген. Түрлі дақпыртқа сеніп, жұртты дүрліктіретін жалған ақпарат таратуды доғару керек", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында.
Ал бабаларымыз мирас еткен ұлан-ғайыр жерді шашау шығармай сақтап, көркейту – әрбір қазақтың қасиетті борышы.
"Біз бабалар аманатына әрдайым адал боламыз. Шетелдіктерге қазақтың бір қарыс жерін де, бір уыс топырағын да бермейміз. Оны көздің қарашығындай сақтаймыз. Шекара маңындағы елді мекендердің ахуалы жеріміздің тұтастығына және еліміздің амандығына тікелей ықпал етеді. Шын мәнінде, бұл – стратегиялық маңызы бар мәселе. Өкінішке қарай, шекара шетіндегі кейбір елді мекенде халық саны күрт азайып кетті. Бұған бір кездегі аудандарды біріктіру жөніндегі шешімдер де ықпал еткені сөзсіз", - деп атап көрсетті президент.
Айта кетері, бүгінгі отырыста президент шекараға жақын үш ауданды қайта қалпына келтіру бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
Тоқаев басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасатынын айтты
Жаңалықтар
0