Астанада қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейтін 870 жарнама алынды

© Астана қаласының әкімдігіАстанада қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейтін 870 жарнама алынды
Астанада қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейтін 870 жарнама алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Астанада 2019 жылы бекітілген елорданың дизайн-кодына сәйкес сыртқы жарнама мен маңдайшаларды ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Қазіргі уақытта бекітілген дизайн-кодқа сәйкес келмейтін 870 жарнамалық элемент өзгертілді.
Мұндай заң бұзушылықтарды жою үшін шағын және орта бизнес иелеріне сыртқы жарнаманы сәйкестендіру туралы хабарламалар таратылады.
Елорданың урбанистика орталығы мұндай сыртқы жарнама қаланың көркін бұзып, келбетіне нұқсан келтіретінін мәлім етті.
Жаңалықтар
0