Төреғали Төреәлінің ісі: сот үкімі қатаңдатылды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуИллюстративті фото
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Төреғали Төреәліні қамауда ұстау мерзімі үш күнге ұзарды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
"Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабы 1-бөлігі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды", - делінген сот хабарламасында.
Сот 2023 жылдың 14 маусымында Алиханов (Төреғали Төреәлінің тегі – Sputnik) есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицияның көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағанын анықтады.
"Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді ішінара растады. Ол ӘҚБтК-нің жоғарыда аталған бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен кінәлі деп танылды және оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды", - дейді ведомство.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі көлік құралын есірткіге мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Оған 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Төреғали Төреәлі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді - видео
Жаңалықтар
0