Өскеменде дүкен өртеніп, 30 адам эвакуацияланды

© Photo : Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментіӨскеменде дүкен өртеніп, 30 адам эвакуацияланды
Өскеменде дүкен өртеніп, 30 адам эвакуацияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Жазылу
ӨСКЕМЕН. 22 маусым – Sputnik. 22 маусымда сағат 04.40-та Өскемен қаласының Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде өрт болды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Департаменттің мәліметінше, дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанған.
"Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.
25 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 05.40-та өшірілді.
Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 техника жұмылдырылды.
Алдын ала дерек бойынша өрттің себептері – электр жабдығының авариялық жұмыс режимі және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Пожар на заводе в Аксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт шықты: бір адам зардап шекті
Жаңалықтар
0