Шығыс Қазақстанда газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болды

© PhotoШығыс Қазақстанда газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болды
Шығыс Қазақстанда газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха қаласында газ баллонынажанармай құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 22 маусымда болған.
"Украинская көшесінде орналасқан газ баллонына жанармай құю станциясында жарылыс болып, салдарынан өрт шықты. 5 бірлік техника бүлінді. Жарылыстан кейін 2 адам термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнына 5 өрт сөндіру автокөлігі және жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп төнген жоқ.
Жаңалықтар
0