Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгермеді

© Sputnik / Тимур БатыршинҚарақұмық
Қарақұмық - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өткен аптада өзгермеді, ал жылдық мәнде 9,3%-ға өсті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
20 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
Қарақұмық – 365 тг/ кг
Тауық еті – 1223 тг/кг
Сәбіз – 184 тг/кг
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.
Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
Овощи на рынке - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2023
Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қалай тұрақтандырмақ
Жаңалықтар
0