Оқиға

Шымкентке жұмыс іздеп келген келіншекті жалдамалы пәтерде өлтіріп кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Шымкент полициясы 28 жастағы келіншекті өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
“102” арнасына жалдамалы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жас әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу қалалық полицияның жедел-тергеу тобы мен прокурорлар аттанды.
Кезекші сарапшы марқұмның механикалық асфиксия (тұншықтыру) салдарынан көз жұмған болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді.
Пәтер иесі танысының көмегімен полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Ол Шымкентке жұмыс іздеп келген 28 жастағы әйел болып шықты. Жасалған қылмыстың ауырлығын ескеріп, тергеушілер мен жедел уәкілдер дереу күдіктіні іздеуге кірісті. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді.
Кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен Түркістан облысының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама жасалады. Тергеушілер жасалған қылмыстың себебін анықтап жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2023
Оқиға
Павлодар облысында ер адам анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салмақ болды
Жаңалықтар
0