Қоғам

Ақтаудан Ақтөбеге ұшатын FlyArystan ұшағы 13 сағатқа кешігіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
Рейс бүгін таңғы сағат сегізде ұшуға тиіс болған
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясы КС7778 Ақтау – Ақтөбе рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктірілетінін хабарлады.
Рейс 3 шілде таңғы 8.05-те ұшуға тиіс болған.

"КС7778 Ақтау – Ақтөбе бағытындағы рейсі Ақтау қаласындағы қолайсыз ауа райына байланысты кешіктірілуде. Рейс уақыты Ақтау қаласының жергілікті уақытымен алдын ала 3 шілде сағат 21:10-ға ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Тиісінше КС7777 Ақтөбе – Ақтау рейсі де кешігеді. Оның уақыты Ақтөбе уақытымен 23:10-ға шегерілді.
Рейстердің нақты ұшу уақытын FlyArystan қосымшасындағы рейс статусы бөлімінен қарауға болады.
 Airbus A330 ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Малайзиялық лоукостер күзде Қазақстанға рейс ашуы мүмкін
Жаңалықтар
0