Теңіз кен орнындағы құрылыс жұмыстары құс ұясына байланысты тоқтатылған

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЯйца в гнезде бакланов
Яйца в гнезде бакланов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Теңіз кен орнында демонтаждау жұмыстары екі аптаға тоқтатылды. Мұндай шешім қабылдауға торғай балапандары бар ұяның табылуы себеп болды, деп хабарлады ТШО баспасөз қызметі.
"Теңіз кен орнында жұмыс кезінде үшінші буын зауытының аумағында балапандары бар торғайдың ұясы табылды. Жұмысшылар балапандарға жақын маңда бөлшектеу жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады. Экологтар аумақты қоршап, балапандарға ұяның айналасында 10-15 метр қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз етті. Жұмысшылардың барлығы бұл балапандардың жақын уақытта қанаттары қатайып, ұяларынан ұшып кететінін түсініп, шыдамдылықпен күтті. Бүгін біз сіздермен балапандардың ұшып, үлкен өмірге қадам басқан сәтінің мына суреттерімен қуана бөлісіп отырмыз", - деп хабарлады "Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметі.
Жұмысшылар табиғатқа өте қамқорлықпен қарайтыны атап өтілді. Мысалы, 2021 жылы Теңіз кен орнында кузовтарға құс ұялары салынуына байланысты бірнеше автомобильдің жұмысы тоқтатылды.
Жаңалықтар
0