Өңірлер

Петропавлда жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарды

© Photo : ДЧС Северо-Казахстанской областиПетропавлда жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарды
Петропавлда жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Петропавл қаласында 15 жастағы оқушы суға батып бара жатқан баланы құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
20-шы шағын ауданда ағалы-інілі екі бала жырада ойнап жүрген. Ол жерде көктемнен бері еріген қардың суы жиналып қалған. 7 жасар бала аяқты сулап келемін дегенде терең жерге түсіп, бата бастады.
"13 жастағы ағасы оны көріп, бірден суға секірген. Інісін жағаға қарай итеріп жіберіп, өзі шыға алмай қалған, күші сарқылған. Жақын маңайда үлкен кісілер де болмаған", - дейді құтқарушылар.
15 жастағы Аслан Гималетдинов болмағанда бұл оқиға қайғылы жағдаймен аяқталатын еді.
"Мен велосипедпен қаланы аралап жүргенмін. Сөйтіп, Жуков көшесімен келе жатқанда көмекке шақырған қыздың дауысын естідім. Ол сайдан жүгіріп шықты. Сол кезде біреудің суға батып бара жатқанын түсіндім. Соған қарай жүгірдім", - дейді Аслан.
Судың жағасында кішкентай бала отырған. Ал бірнеше метр шалғай жерде ағасының басы көрініп тұрды, күші де қалмаған. Аслан оған барынша жақын тұрып, қолын созған. Суға батып бара жатқан жасөспірім оны мықтап ұстап алған. Одан кейін Аслан баланы жағаға шығарды.
Оқиға орнына жақын жердегі үйдің адамдары мен жедел жәрдем мамандары келді. Аслан суға кіргенде аяғын қалай кесіп алғанын да байқамай қалған. Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсетті.
Аслан Гималетдинов Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Жүзумен де айналысады. Сол күні оқушы каникул кезінде азын-аулық ақша табамын деп шыққан.
Төтенше жағдайлар департаменті Петропавл қаласында суға түсетін екі жер ғана бар екенін еске салды. Біреуі – Есіл өзені бойындағы жағажай, екіншісі – Пестрое көлінің жағасы. Ол жерде құтқарушылар кезекшілік атқарады.
 Бурабай көлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Бурабайда шетелдіктер суға батып кете жаздады
Жаңалықтар
0