Қостанайда туроператор клиенттерді 60 миллион теңгеге алдап кеткен

© Sputnik / Владислав Воднев Мальдивы

Мальдивы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Жазылу
ҚОСТАНАЙ, 11 шілде - Sputnik. Қостанайда бірнеше ондаған тұрғын туристік агенттікке алданып қалып, шетелге демалуға бара алмай қалды, деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталы.
Туристерге 60 млн теңге залал келтірілген. Полиция алаяқ әйелдің әрекетінен зардап шеккендер көп болуы мүмкін деп отыр.
Алаяқтық туралы істі тергеумен Қостанайдың полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Күдікті ретінде қала тұрғыны ұсталған.
"Күдікті бұрын туристік фирмада жұмыс істеген, онда әртүрлі курорттық және туристік бағыттар бойынша жолдамаларды рәсімдеуде тәжірибе жинақтаған. Ол клиенттік базаны құра отырып, жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысқан", - деді Қостанай полиция басқармасының Солтүстік бөлімінің тергеушісі Гүлжанат Баймұханова.
Тергеушінің айтуынша, күдікті жыл басынан бері турларды сатып алу кезінде қиындықтарға тап болған. Салдарынан туристер шығынға ұшыраған. Осыған байланысты 25-тен астам адам полицияға жүгінген.
"Күдікті өзінің тұрақты клиенттері үшін төмен бағамен сатылатын турларды, яғни арзан жолдамаларды ұсынған. Демалғысы келген кейбір азаматтар оларды бірден сатып алса, кейбіреулері бөліп төлеп сатып алған. Сатып алушылардан ақша алғаннан кейін, жолдама сатушысы қателесе бастаған", - дейді тергеуші.
Турагенттік маманы тур пакетін дер кезінде сатып алмаған. Оны бірнеше күн салып, бір аптада, әр түрлі жолмен алған. Салдарынан арзан жолдама қымбатқа түскен.
"Турагенттік маманы өз әрекетін тоқтаудың орнына, клиенттерден ақша алып, қызметін жалғастырған. Қосымша қаражаттың түсуі ескі қарыздарды жабады деп ойлаған. Салдарынан 60 шақты адам алпыс миллион теңге шығынға ұшыраған. Бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін", - дейді полиция.
Қазіргі күні полиция істі аяқтауға және оны сотқа беруге материал жеткілікті дейді. Бірақ олар тұрғындардан тағы да жаңа арыздар түсуі мүмкін деп күтіп отыр.
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2023
Қарағандыда алаяқтық жасаған туристік фирма директоры сотталды
Жаңалықтар
0