Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматы соты әуежай ғимаратын басып алу ісіне қатысты үкімді түсіндірді

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жазылу
Алматы сотындаәуежай ғимаратына шабуыл жасап, басып алған бір топ адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Сотталушылар кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Алматының мамандандырылған ауданаралық соты қаладағы әуежай ғимараты мен диспетчерлік қызметке шабуыл жасау және басып алу ісіне қатысты үкімнің видео түсіндірмесін жариялады.
"Сот азамат Т. мен азамат Н.-ның 2022 жылдың 5 қаңтарында Алматы қаласының ғимаратында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғанын анықтады, оның соңы мүлікті өртеп, қиратып, ойрандаумен аяқталған. Әуежайда оларға азамат Д., Ш. және К. қосылған", - делінген соттың видео түсініктемесінде.
Бұл адамдар ҰҚШҰ әскері мінген ұшақтар қалаға келетінін біліп, бұған жол бермеуге шешім қабылдаған. Олар диспетчерлік қызметтің ғимаратына шабуыл жасаған.
"Одан әрі қызметкерлерден ұшақтың қонуына жол бермеу үшін ұшу-қону жолағыныңжарығын өшіруді талап еткен. Сол сәтте ұшақта болған азаматтардың өміріне нақты қауіп төнді", - деп жалғастырды сот.
Ведомствоның мәліметінше, шабуыл кезінде айыпталушылар қызметтік көліктерді айдап әкетіп, қызметтік радиостанцияларды ашықтан-ашық ұрлаған.
Еске сала кетейік, кеше қаңтарда Алматы әуежайын басып алды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты.
Жаңалықтар
0