Қостанайда бірнеше полиция басшысы қызметінен қуылды

© Photo : polisia.kz Формадағы Polisia жазу
 Формадағы Polisia жазу - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Қостанайда синтетикалық есірткіні таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Синтетикалық есірткі қылмысына жол бергені үшін бірнеше басшы қызметінен босатылды.
"Қостанай қалалық полиция департаментінің қызметкеріне есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 11 қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның бесеуі басшылық құрамнан. Олар лауазымынан босатылды", - дейді Қостанай облысының ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
Қоғам
Астанада мамандандырылған ХҚКО басшысы мен төрт полицей ұсталды
Жаңалықтар
0