Павлодар облысында дала өртінен жануарлар қырылды

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской области Павлодар облысында дала өртінен бірнеше ондаған қой өртеніп кетті
Павлодар облысында дала өртінен бірнеше ондаған қой өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Жазылу
ПАВЛОДАР, 16 шілде – Sputnik. Екібастұздық құтқарушылар өткен тәулікте даладағы өртті сөндіруге он рет шықты, деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской области Павлодар облысында дала өртінен бірнеше ондаған қой өртеніп кетті
Несколько десятков овец сгорели в степном пожаре в Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Павлодар облысында дала өртінен бірнеше ондаған қой өртеніп кетті
Өткен бейсенбіде таңертең Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылының маңында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер, ерікті өрт сөндіру жасағының қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар бір тәулікте, жұма күні таңертең өртті толығымен сөндірді.
Тексеру іс-шаралары барысында даладағы өрт салдарынан Марғұлан ауылындағы "Қуаныш" шаруа қожалығының 73 бас уақ малының өртеніп кеткені анықталды. Сондай-ақ көптеген жануар өртенді.
"Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен мүдделі органдар аттанды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0