Өңірлер

АЛЖИР музейінде лифт құлап, екі адам зардап шекті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылында АЛЖИР музейінде лифт құлады. Салдарынан мұражайға келген екі адам зардап шекті, олар елордалық клиникаға жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
16 шілдеде Целиноград ауданы полиция бөліміне Астана қаласы полиция департаменті Жедел басқару орталығынан Ұлттық ғылыми травмотолгия және ортопедия орталығына түрлі сынықпен екі әйел жеткізілген туралы хабар түсті.
Зардап шеккендердің бірі – елорда тұрғыны 83 жаста, екіншісі Ақмол ауылдында тұрады, 54 жаста.
"Алдын ала анықталғандай, олар АЛЖИР музейін аралап жүрген. Лифт құлап, екеуі де дене жарақатын алды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-тармағы 2-тармақшасы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан, қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл бап бойынша 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл не сол көлемде түзету жұмыстары, 1,2 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жаңалықтар
0