Елорда тынысы

Келесі жылы Астанада 300 мың тұрғын газға қосылады

© Photo : Пресс-служба акимата Нур-СултанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. 2024 жылы Астананың 300 мыңдай тұрғыны газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Осы жылы аудандық "Тұран", "Тельман" қазандықтарына және "Ильинка", "Тельман", "Пригородный", "Family Village", "Өндіріс" тұрғын үй алаптарына газ жеткізу желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. 80 км жоғары қысымды газбен жабдықтау желілері салынды", - деді ол Астана қаласы коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Осылайша, 2024 жылы 300 мыңға жуық тұрғын газға қол жеткізбек.
Қалалық әкімдіктің ақпаратынша, қазір Көктал-1 және 2, Агроқалашық, "Железнодорожный", Промышленный, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жақтары, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарында, сондай-ақ Потанин – Мәскеу көшесі, "Нұр-Бесік", "Ақбидай", "Қазақ ауылы" шағын аудандарында тұтынушылар газға толығымен қосылған.
"Газға 200 мыңға жуық тұрғыны бар 12 мың абонент қол жеткізді", - деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де 16 қазандық газға ауыстырылды. 17 әлеуметтік объект газға қосылған. Қалған 3 әлеуметтік объект бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.
Газ желілеріне қосылу құнын төмендету мақсатында әкімдік мынадай шаралар қабылдаған:
халыққа құны 100-ден 160 мың теңгеге дейінгі есепке алу аспаптарын тегін беру;
Халық банкімен бірлесіп 18 айға дейін бөліп төлеу арқылы 750 мың сомада пайызсыз кредит беру;
халықтың әлеуметтік осал топтарына 130 АЕК немесе 448 500 теңге өтемақы төлеу.
Жаңалықтар
0