Қазақстанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге жаңа форма әзірленеді

© Photo : ДЧС Акмолинской областиАрхивное фото пожарного
Архивное фото пожарного - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстанда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жаңа форма тігіледі, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрдің тапсырмасына сәйкес, алдымен жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылады. Олар ыңғайлы және функционалды форма жасап шығуы қажет. Осы орайда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ұсынысы ескеріледі. Жұмыс тобы әлемдік тәжірибені де зерделеп шығады.
"Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары көбінесе жеке құрам үшін қиын әрі күрделі жағдайда өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы әрі функционалды болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету", - дейді министр Шәріпханов.
Оның айтуынша, заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз ету саласында тура сондай тактика болуы керек.
Пожар разгорелся в Семей орманы Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Қарағанды ​​облысында табиғи өртті сөндіруге тікұшақ тартылды
Жаңалықтар
0