Түлкі қамыстың арасынан атып шыққан: Ақтөбе облысындағы ауылда карантин жарияланды

© Photo : Chornobyl Radiation and Ecological Biosphere ReserveАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында түлкі төрт жасар баланы қауып алды. Жануардан құтыру ауруы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Бұл оқиға 4 шілде күні Жаманкөл ауылында болған. Баланың әкесі жақын жерде шаруа қожалығын ұстайды. Сол күні олар отбасымен бірге суға түсуге барған. Кенеттен қамыстың арасынан түлкі атып шығып, төрт жасар балаға бас салған.
Ұлды шұғыл Қобда ауруханасына жеткізді. Түлкі оны мұрнынан, маңдайынан және қабақ тұсынан тістеп алған. Сондай-ақ санын, сирағын және самайынан тырнап тастапты. Бірнеше жарақатын тігуге тура келді.
Түлкіні өлтіріп, сараптамаға жіберді. Соның нәтижесінде құтыру ауруы анықталды. Балаға екпе салынды. Оны ауруханадан шығарды. Дегенмен тағы 28 күндей көрініп тұру керек.
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаровтың айтуынша, шаруа қожалығында 21 күн бойы карантин болады.
"Осыған байланысты ауылдан малды шығаруға және кіргізуге болмайды. Сондай-ақ ет, сүт және басқа өнімді шығаруға тыйым салынды",- деді Базаров.
Жаңалықтар
0