Әкімдік қызметкерін пышақтап өлтірген қылмыскердің жаза мерзімі ұзартылды

© Photo : Рixabay/Beatrice SchmukiАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ақтөбеде облыстық әкімдік қызметкерін 35 жерден пышақтап өлтірген қылмыскердің жазасын қатаңдатуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.
Марқұмның туыстары бірінші инстанцияда шығарылған жазамен бірден келіспеген. Өйткені сот қылмыстық істегі аса қатыгездікпен деген бапты алып тастап, тек адам өлтіргені үшін соттап жіберген. Бірақ қаскөй марқұмды пышақтаған соң, ес-түссіз қансырап жатқанда тағы мойнынан осып жіберген. Сосын денесін жүксалғышқа тығып, онымен екі күн жүрген. Сараптама қылмыскердің психикалық ауытқуы жоқ деген қорытынды шығарды.
Апелляциялық алқа бұған дейін 11 жылға сотталған қылмыскерді жазасын тағы төрт жылға ұзартуға шешім қабылдады. Осылайша, екі баласы бар әйелді өлтірген сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды
Айта кетері, бұл оқиға төрт ай бұрын болған. Қылмыскер мен жалғызбасты ана ғаламторда танысқан. Жігіт өзін бойдақ және әйелден 6 жас үлкен екенін айтады. Алайда ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қойған. Содан жанжал шыққан. Облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелдің көңілдесі көлігінің суырмасында жатқан пышақты алып, әйелге 35 жерінен сұққан.
Жаңалықтар
0