Денсаулық

Астанада екі жасөспірім ВИЧ жұқтырды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Жыл басынан бері Астана қаласында 206 адам АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Астана қаласында алты ай ішінде ВИЧ жұқтырудың 206 жағдайы тіркелді. Қателеспесем, олардың арасында екі жасөспірім бар", - деді ол Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Еске салсақ, биыл 14 маусымда Алматыдағы ЖИТС орталығының мамандары айдың басында орталық клиникалық ауруханада емделіп жүрген үш адамның сынамасы ВИЧ-ке оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Сол күні денсаулық сақтау министрлігі АИТВ (ВИЧ) жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеріс бастады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Денсаулық
Досаев ВИЧ анықталған үш пациенттің екеуі қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды
Жаңалықтар
0