Жаңаөзенде электрик жұмыс орнында көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Жаңаөзен қаласында электр маманы жұмыс істеп жатқан кезде көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 24 шілде сағат 12.18 шамасында болған.
"102 кезекші пультіне ер адам тоқсоғып қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. 31 жастағы ер адамды Жаңаөзен қаласының Жұлдыз шағынауданында электр тогы соғып, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған", - дейді ведомство.
Марқұм электр бағанасының басында қайтыс болған.
"Жаңаөзен қаласының Рахат 3 шағын ауданында жоғары вольтті электр бағанасында адам тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына 2 бірлік техника, 8 жеке құрам, Жаңаөзен қаласы ТЖБ анықтаушысы барды. Жоғары 380 вольтті электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында тоқсоғып, "ӨЗЕНЭНЕРГОСЕРВИС" ШЖҚ МКК қызметкері сол жерде қаза тапқан", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл факт ҚР ҚК 156-бабы "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша Жаңаөзен қалалық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі күні тергеу басталды.
Жаңалықтар
0