Қазақстанға қызылша ауруы қайдан келді – министр жауабы

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер-министр Казахстана Алихан Смаилов
Премьер-министр Казахстана Алихан Смаилов - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанға қызылша ауруы қай елдерден келгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазір қызылша көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда да тарап жатыр.
"Биыл екі мыңға жуық бала қызылшамен ауырды, көбі екпе егілмегендер. Ауру сырттан келді. Балалар алыс-жақын елдерге демалуға барып, инфекцияны сол жақтан жұқтырып келген, осыдан кейін ел ішіндегі қорғалмаған балалар да жұқтырды. Жыл басында алғашқы жағдайлар Түркия, Ресейден оралған балаларда тіркелді. Ал қазір біз қызылшамен сырқаттанушылық өсіп бара жатқанын байқап отырмыз", - деді Ғиният үкімет кулуарында.
Айтуынша, инфекциялық ауру жаппай таралмас үшін дәрігерлер ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ақхалаттылар қызылшадан екпе алудың маңызын еске салып, ауру балалармен, олармен байланыста болған жандармен жұмыс істейді.
Жуырда Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада қызылша ауруы көбейіп бара жатқанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
0