Қуаңшылықтан зардап шеккен диқандар несиені кешіктіріп төлей алады

© PhotoПравительство утвердило Концепцию развития сельских территорий
Правительство утвердило Концепцию развития сельских территорий - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жедел кеңес өтті. Отырыста Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі аптапыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуал талқыланды.
Сонымен қатар жиын барысында қуаңшылықьан зардап шеккен диқандарға мемлекет тарапынан өандай көмек көрсетілетіні де айтылды.
"Бәйтерек" холдингі, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "ҚазАгроҚаржы" АҚ құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырады.
Сондай-ақ биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінетін болды.
Ауыл шаруашылығындағы тәуекелдерді, соның ішінде құрғақшылықтың салдарын жою құралдарының бірі – егін мен ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру. Осы мақсатта сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі субсидияланатын өсімдік және мал шаруашылығында 16 сақтандыру өнімі жұмыс істейді.
Сақтандыру сыйлықақысы 1,6 млрд теңгені құрады, оның 1,3 млрд теңгесі субсидияланды. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген 5,9 млрд теңге қаражаттың тек 2,4 млрд теңгесі ғана игерілген.
Жұманғариннің айтуынша, жем-шөп дайындау деңгейі өте төмен. Жылдық жоспар 25 млн тонна болса, бар болғаны 8 млн тонна жиналды.
Вице-премьер өңірлерде мал азығын дайындау қарқынын арттырып, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жем-шөп бағасын тұрақты бақылауды тапсырды.
"Сонымен қатар, кейбір аймақтардағы құрғақшылықтың ықтимал әсерін ескере отырып, фермерлер несие төлемдерін кейінге қалдыруға өтініш бере бастауы мүмкін. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "Қазагроқаржы" АҚ зардап шеккен шаруаларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыруға көмектесуі керек", — деді Серік Жұманғарин.
Жаңалықтар
0