Шошқа фермасындағы 4 адамның өлімі: полиция алдын ала себебін айтты

© SputnikПолицейская форма
Полицейская форма - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 2 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа өсіру фермасындағы төрт жұмысшының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полициягның баспасөз қызметі.
1 тамыз сағат 23:25-те Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Іздестіру шаралары барысында олардың денелері осы кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды. Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - делінген полиция хабарламасында.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі “Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.
Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаров, әкімнің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров пен Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов жағдайды бақылауда.
Четверо рабочих погибли при очистке канализационного накопителя на свиноферме в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Солтүстік Қазақстанда шошқа фермасында төрт адам көз жұмды
Жаңалықтар
0