"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов дүниеден озды

© Photo"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов дүниеден озды
Дос-Мұқасан ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов дүниеден озды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов 75 жасында дүниеден озды, деп хабарлады топтың әлеуметтік желідегі ресми аккаунты.
"Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович дүниеден өтті.
Ол біздің ансамбльді құрушылардың бірі, барабаншы болды. "Дос-Мұқасан" ансамблі марқұмның балаларының, туған-туыстары мен жақындарыныңқайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын тұлға ретінде қалады!", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
0